kievs.com.ua

muk
Поиск по сайту
Поиск по каталогу

Каталог продуктов и сервисов



MUK Computers, Қазақстан, Алматы

MUK Computers компаниясы Қазақстанда өзінің қызметін 2014 жылдың мамыр айында бастады.

Жұмыс кезеңінде компания белсенді түрде серіктестік желілерді дамытты, сонымен қатар ақпараттық технологиялар саласындағы 4X, ACTi, AEG, Altaro, APC, Avigilon, Bitdefender, Brickcom, Check Point, Commscope, Conteg, Dell EMC, е.НОТ, Fortinet, Geovision, Grandstream, IBM, Infinidat, InFocus, IXIA, Ivanti, Juniper Networks, Kalmo Systems, Kingston, Microsoft, Radware, RCG Power, Stratus, Tripp Lite, Unify, VCE, Ysoft, Zimbra, ZyXEL секілді бірқатар жетекші өндіруші-компаниялармен дистрибьюторлық келісімшарттар жасасты. Жақында компания серіктестерге Microsoft-тың бұлтты шешімдерін ұсынуға мүмкіндік беретін Microsoft Cloud Service Provider серіктестік мәртебесіне ие болды.

Бастысы - қауіпсіздік

Өткен жылы MUK Computers таңбалық жобалардың бірсыпырасын жүзеге асырды. Соның ішінен компаниялардың біріне Commscope шешімдерінің негізінде кәбілдік инфрақұрылым салынғанын атап өтуге болады. Басқа корпорацияға Dell EMC жабдығына техникалық қолдауды ұзарту жүзеге асырылды.

Сонымен қатар, өткен жылы IBM корпорациясымен Қазақстан аумағында серіктес тік туралы келісімге қол қойылды. Сол уақыт ішінде осы вендордың жабдығына бірнеше жобалар іске асырылды. Соның ішінде бір ұйымға IBM Power system есептеуіш қуаттарды жетілдіру жүзеге асырылды. Ал Қазақстанның ірі корпорацияларының бірінің инфрақұрылымына өндірімділігі жоғары және корпоративтік санатты жүйелер функционалдылығын қолдайтын деректерді сақтауға арналған икемді гибридті шешім болып саналатын IBM Storwize v5010 сақтау жүйесі енгізілді.

Аппараттық шешімдерден басқа, IBM-нің түрлі бағдарламалық жасауларының негізінде де бірнеше жобалар іске асырылды. Соңғы кездері бұндай БЖ-дің ірі тапсырысшылары бірден бірнеше ірі компаниялар мен бірқатар банктер болды.

Мақалада көрсетілген өнімдерге тапсырыс беру немесе сынау мүмкіндігін MUK Computers компаниясынан алсаңыздар болады. Осы шешімдер мен оларды алу, серіктестік бағдарламалармен және ұсынылатын VAD-қызметтермен, сонымен қатар ортақ іс-шаралар өткізу туралы ұсыныстармен танысу жөнінде толығырақ ақпаратты +7 727 346 79 01 телефонына қоңырау шалу немесе office@muk.kz электронды мекенжайына жазу арқылы алсаңыздар болады.

Байланыс:

Мук-Компьютерс

050000, Казакстан Ресnубликасы , Алматы каласы, Алмалы ауданы , Макатаев кешесi, 117 уй. 404 к, Блок Б

Телефон/факс: +7 (727) 346-79-01

E-mail: office@muk.kz

www.muk.kz

Следите за нами в социальных сетях —